05 Наурыз, 2016

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің бұйрығы  №156

699 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
2015 жылғы 17 наурыз, Астана қаласы Республика бойынша жеке сот орындаушыларының жалпы сандық құрамын бекіту туралы 2010 жылғы 2 сәуірдегі «атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 167-бабының 5) тармақшасына сәйкес бұйырамын: 1. Республика бойынша жеке сот орындаушыларының жалпы сандық құрамы 1500 бірлікке бекітілсін. 2. Қазақстан республикасы әділет министрлігінің Сот актілерін орындау департаменті: 1) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін және оның мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жариялануын; 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Жауапты хатшысы М.Б.Бекетаевқа жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Министр Б.ИМАШЕВ. Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 19 наурызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №10508 болып енгізілді.